«Әйет» мешіті өз жұмысын жалғастыруда

Жуырда өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.


Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Оның ішінде діни объектілер де бар. 2020 жылдың 31 тамызынан бастап еліміздің барлық мешіттері жеке құлшылықтар үшін ашылады. Жамағат намаздарының (бес уақыт, жұма) оқылуына әзірше рұқсат жоқ. Мешітке келетін жамағатқа қойылатын талаптарда тыс қалған жоқ. Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен жүру тиіс, сонымен қатар, дене қызуы 37°-ден жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі керек, мешіт ішіндегі (намазхана, дәретхана, т.б.) санитарлық тазалық жұмыстарын талапқа сай орындау және де құран оқытуға келушілердің араларында 2 метр қашықтықты сақтау, оларды арнайы белгіленген орындарға отырғызу сынды талаптар бекітілген.
Қазіргі таңда аудандық «Әйет» мешітінде белгіленген талаптарға сай дене қызуын өлшейтін құрылғы мен антисептик қойылған. Естеріңізге сала кетейік, 31-ші тамыздан бастап аудан мешіті Жамағатқа қайта есігін ашты.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане