- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 10.09.2020 06:06
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 567
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. 2020-2021 жаңа оқу жылының қашықтан басталуы білім саласына айтарлықтай жаңашылдықтар енгізді.
Бүгінгі күні білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің сапасын жоғарылататыны сөзсіз.
Алдыңғы санымызда штаттық режимінде оқитын «кезекші сыныптар» мен қашықтықтан оқитын мектептер туралы айтқан болатынбыз.
Ал,бүгінгі өзекті тақырып қашықтықтан оқуға қандай мүмкіндіктер жасалынуда деген сұраққа тоқталатын боламыз. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша 7 мектеп қашықтықтан оқыту режимін де болса, қалған 19 мектеп штаттық режимінде оқытылып жатыр.
«Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауы тиіс», - деген болатын Мемлекет басшысы. Қазіргі таңда, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мектептердегі компьютерлермен толыққанды қамтамасыз етіп отырмыз. Ал, қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен құны 2.000.000 тұратын 310 балаға қажетті құрал сатып алынуда. Жоспар бойынша 1-ші қазанға дейін барлық отбасыларды қамтамасыз ету керек»,-дейді білім бөлімінің бас маманы Айгүл Шаекен.
Сатып алынатын техникалардың сапалы болуы мен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету мекеменің қарамағында екені сөзсіз. Білімнің заман талабына сай және сапалы болуы барлығымыздың ортақ міндетіміз!