Полиция үшін ең маңызды-ел сенімі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_36_36-2020_7.JPGҚазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс екені бәрімізге белгілі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар – бұл жеке бас куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Кейбір жандар жылдап жеке куәліктерін жасата алмай жүреді. Сондай жағдайға тап болған аудан тұрғыны Оксана Шмидке. Біршама жылдан бері жеке басын куәландыратын куәлігін реттей алмай жүрген тұрғын жақын арада өзінің жеке құжатына ие болды.


«Мен осы уақытқа дейін бірнеше мекемелерге жүгіндім. Тіпті, құжаттарымды жасату үшін Нұр-Сұлтан қаласынада барып келдім, бірақ,өкінішке орай ешқандай нәтиже болмады. Әрбір мекемеге жол сілтеп, ақыры шешімін тауып бере алмады. Жақында Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаевпен өткен «Жолда қабылдау» акциясы бойынша ауданға келіп, өзімнің мәселемді айтқан болатынмын. Көп уақыт өтпей аудандық ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Дәулет Кеншинбаевтың көмегімен бүгін, міне, жеке куәлігімді алып отырмын. Барлық қол ұшын созған жандарға алғысым шексіз. Қайрат Дутпаевқа және де Дәулет мырзаға үлкен рахметімді айтқым келеді. Көптен күткен құжатымада қолым жетті»,- дейді Оксана ханым.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «…Форма киген адам мемлекеттің айрықша қорғауында болуы керек, қызметтік міндетін орындау барысында оның өміріне қол сұғылмаушылықтың қамтамасыз етілуіне кепілдік берілуге тиіс…»- деген болатын. Бүгін міне, осы айтылған қанатты сөздердің нәтижесін көріп отырмыз десек болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане