«Отбасы -  бақыт мекені»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_36_7527272727742742522525_.jpg«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын.


Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ, - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Осындай теңеуге лайықты отбасының бірі Тобыл тұрғындары Қонысбек Айнабекұлы Оразбеков пен Клара Крекешқызы Мұхамбетжанова. Отбасында төрт бала өсіріп тәрбиелеген Қонысбек аға мен Клара апа ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, бүгінде 13 немере сүйіп отыр. Конысбек аға теміржолда Клара апа «Думан» Мәдениет үйінде еңбек жасап, екеуі де зейнеткерлікке шыққан. Балалары Тұрсынбек теміржолдың өрт сөндіру бөлімінде, ал, келіні Альмира жол дистанциясында, Сексен-Тобыл теміржолдың жол дистанциясында бас механик қызметінде, ал, келіні Дана ауданымызда белгілі адвокат. Құрмет пен ынтымақтастықтың ошағына айналған Қонысбек аға мен Клара апа отбасына «Отбасы күні» амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз.
Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да, бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз! Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болсын!


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане