«Мүшайра» жас ақындардың республикалық байқауы

Биыл ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Мерейтойды мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЖАҚ-пен бірлесіп, республикалық «Мүшайра» жас ақындар конкурсын ұйымдастыруда.


Байқауға жас жазушылар, ақындар, журналистер және 16-29 жас аралығындағы жастардың басқа санаттарының өкілдері қатыса алады. Бұл конкурс Абай Құнанбаевқа арналған шығармаларды қамтиды.Нақтылап кетсек, 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 қысқа проза (жазушылар үшін). Жұмыс тілі - қазақ / орыс. Жұмыстар электронды түрде тапсырылады. Республикалық байқау екі кезеңнен тұрады. Өңірлерде іріктеу кезеңі 2020 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Қорытынды кезең 2020 жылдың 1 мен 20 қазан аралығында ұйымдастырылады. Аймақтық іріктеу кезеңінің үш жеңімпазы «Мүшайра» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алады.
Байқаудың Гран-приі - 500 мың теңге, бірінші орын жеңімпазы 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. Сондай-ақ, екінші орын иегері 200 мың теңге, ал үшінші орын үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Қостанай облысы бойынша байқауға қатысу, сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін өз жұмыстарыңызды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберіңіз.
Байқаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында республикалық кезең толықтай бейне-жазбаға түсіріледі. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде жұмыстың идеялық және композициялық тұтастығын сақтау ескеріледі. Осы конкурсқа қатысу арқылы сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді шыңдап қана қоймай, сонымен бірге, өзіңізді республикалық деңгейде дарынды ақын немесе жазушы ретінде жариялаудың керемет мүмкіндігіне ие бола аласыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане