«Еңбек етсең ерінбей...»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_38_38-2020_2.JPG«Еңбек – бәрін де жеңбек», – деген аталы сөз бар ел ішінде. Бастарынан небір ауыр кезеңдер өтсе де олар ешқашан қиындық атаулыға мойынсұнған емес. Соның бәрі өздерінің ақ адал еңбегінің арқасы деп біледі.


Бұл кісілерге кез-келген жұмысқа немқұрайлылықпен қарау табиғаттарына жат дүние болғандықтан, барлық істеген жұмыстарын адал істейді. Бәріне белгілі қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып саналады. Бұл ресми мереке еңбек адамының беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп тартуға, жұмысшылар династиясындағы көпжылдық дәстүрді нығайтуға қызмет етпек.
Осы санымызда Б.Майлин атындағы орта мектебінде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан қызметкерлері туралы жазуды жөн көрдік. Адал әрі сапалы еңбектерінің арқасында бүгінде 20 жылдан астам еңбек етіп жүрген жандар жетерлік екені көңіл қуантады. Мектеп басшысы қызметкерлері туралы тек қана жақсы пікірде екені туралы айта кетті. Десе де, әрбір қызметкердің өзінің атқарған еңбегімен қоса қосқан үлесі де аз емес деп айтсақ болады. Әрине, барлық қызметкерлерді жеке-жеке атап өтуге болады, себебі, барлығы дерлік адал қызмет етіп, мектеп үшін өз күш-жігерлерін аямауда. Ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген қызметкерлерді атап өтсек: 1998 жылдан бастап қазіргі таңда директордың әкімшілік шаруашылық бөлімінің орынбасары болып жұмыс атқарып жатқан Александр Пфлуг, және 1998 жылдан қызмет етіп келе жатқан Валентина Соульская, 2002 жылдан Нұрлан Мурзабаев, сонымен қатар, 1998 жылдан Баян Баязиева, 2004 жылдан бастап қызмет атқарып жатқан Гүлнара Аманбаева, 2005 жылдан Татьяна Барышовец және Евгения Барышовец 2010 жылдан қызмет атқарып келеді, сонымен қатар, Татьяна Грекова 2009 жылдан, ал, Амангелді Мусин 2012 жылдан жұмыс істеп жатыр. Наталья Мозенбах 2010 жылдан, Татьяна Пастушенко 2010 жылдан лаборант қызметін атқарып келеді, ал, Светлана Трофимова 2007 жылдан мектепте талмай қызмет етуде.
Адамды адам еткен еңбек! Ол - дәуірлер бойы дәлелденіп келе жатқан дүние. Ердің елге танылуы да сол еңбектің арқасы. Оның айғағы - қазіргі қоғамда өзіндік орны бар шаруақор жандар. Ұзақ жылдар бойы еткен еңбегінің жемісін көріп, өскелең ұрпаққа үлгі боп отырған жандар қаншама.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане