Жүлделі болған аудан өнерпаздары

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_38_38-2020_4.jpgДомбыра – қазақтың болмысы, жан серігі. Елдің – асыл мұрасы, өткен ғасырдың куәсі. Осынау киелі аспап мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін, қайталанбас құндылығын ашқандай.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Жан серігім-домбыра» атты аймақтық онлайн байқау өткен болатын. Байқау ұйымдастырушылары Федоров ауданың «Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі, ал, байқауда ауданымыздың намысын қорғаған өнерпазымыз Арғынбек Бейбітхан. Аталмыш байқауда өнер көрсеткен Арғынбек мырза әділ-қазы алқаларынан жоғарғы деген ұпай жинап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Байқаудың басты мақсаты дәстүрлі халық музыкасы арқылы жастарға патриоттық сезімді, көркем және эстетикалық талғамды, рухани құндылықтарды сіңіру, сонымен қатар, қазақ мәдени мұрасының үздік жетістіктерін көрсету болып табылады.
Дәл осындай, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Душа славянская» славян халық шығармашылығының on-line аймақтық фестиваліне қатысып «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алған ауданымыздың «Ивушки» халық ансамблі. Бұл ансамбілдің жетекшісі ауданымыздың белді әртісі Елена Кузнецова. Жалпы, байқаудың міндеті славян халықтарының мәдени дәстүрлерін жандандыру, сақтау, насихаттау және дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Әйет жағасында» фестивалі өтті. 30-ға жуық әр ұлттың өнерпаздары өнер көрсеткен фестиваль онлайн түрде өтіп, ғаламтор желісіне жарияланған. Елімізде болып жатқан індетке байланысты, барлық мерекелік іс-шаралар онлайн форматында өтіп жатқандықтан, мәдениет үйі қызметкерлері халыққа жақсы көңіл-күй сыйлауларын тоқтатпауда. Сол себепті, бұл фестивальде халыққа ұнағаны сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане