Құс тұмауы

Адамды жалмаған коронавирусты қойып, енді құс тұмауын талқыға салатын болдық.


Ресми ақпараттарға сүйенсек қазіргі таңда Қазақстанның бес об­лысының 26 ауданында құс тұмауы тіркелген. Оның ішінде 47 елді мекеннің құстарына қа­уіп төндірген. Соңғы деректер бо­йын­ша, ел бойынша 12 926 құс­тың қырылғаны белгілі болып отыр. Осы жағдайға байланысты бү­гін­гі ахуалды сөз етпекке аудандық ветеринария бөлімі басшысы Ұшқын Құрмағалиевтен ауданымыз құс тұмауына тап болып,тұрғындарға қауіп бар ма, әлде халықтың уайымға салынуына еш себеп жоқ па екенін білу үшін сөзге тарттық:
-Қазіргі таңда ауданымызда құс тұмауы бойынша еш қауіп жоқ деп айта аламын. Жақын күндері облыстық басқармаға хабарласып мән-жәйді сұрастырған болатынбыз. Ауданымызға құс тұмауы бойынша вакцина берілмейтіні, сонымен қатар, ауданымыз бұл тұмаудан сақ екені туралы айтып уайымымызды сейлітті. Сондықтан, аудан тұрғындарына әзірге құс тұмауы қауіпінен аманбыз деп айтқым келеді-, дейді бөлім басшысы.
​Инфекция жұқтырған адам болса оның алғашқы белгілері үш күннен аспай пайда болады. Белгілері - кәдімгі тұмау белгілеріне ұқсас: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бұлшық еттің ауырсынуы, жөтел және тамақтың ауыруы түрінде болып келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане