Мұғалім-мектептің жүрегі, баланың тірегі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_39_39-2020-3_3.jpgБарша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» Н. Назарбаев


Кез-келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалімі кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орын аңғару қиын емес.
Ауданымызда еңбек етіп жүрген жас мұғалімдер аз емес. Аз уақытта-ақ жемісті жұмыс істеп, шығармашылық табысқа жетіп жүрген дарынды педагогтер бар. Солардың бірі- Капар Каблашев. 2013 жылы Май орта мектебін бітіріп, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне "бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығына оқуға түсіп, тәмамдаған. Еңбек жолын 2016 жылдан бастап Май орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және тәлімгер ретінде жұмыс істей бастаған.
Қазіргі таңда Капар өзін-өзі жетілдіруге арналған біліктілік курстарынан өту арқылы білімін, тәжірибесін арттыруда. Бірнеше рет аудан әкімінің грамоталарымен,аудандық білім бөлімінің грамоталарымен, Қостанай облысы білім басқармасының грамотасымен марапатталған. Капар Каблашев "Талантты мұғалім - дарынды балаларға"педагогикалық олимпиадасының аудандық және облыстық турларының жеңімпазы, сонымен қатар, халықаралық фестиваль-конкурсының 1 және 2 дәрежелі дипломдарының жүлдегері, жастардың «Алтын кітабының» лауреаты болып табылады.
- Жыл сайын Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін мастер-класстар өткіземін. Өткен жылы мамыр айында қайырымдылық жеке концертімді ұйымдастырған болатынмын. Барлық қаражат біздің оқушымыздың емделуіне жұмсалды. Бұл менің мұғалімдік парызым деп білемін. Оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың жан дүниесін ұғынуымыз керек,- дейді жас мұғалім.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Барлық ұстаздар қауімін келе жатқан «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане