Қазақ тілін білу деңгейін анықтау сынағы өтті

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Бейімбет Майлин ауданынды ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы диагностикалық тестілеу өтті.


Тестілеуге мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік қызметшілер қатысты. Барлығы 50 адам қамтылды. Диагностикалық тестілеудің мақсаты — мемлекеттік тілді оқыту сабағына барып жүрген қызмектерлердің қазақ тілін білу деңгейін анықтау болып табылады.
Жыл сайын ұйымдастырылатын шара тіл үйренушілердің мемлекеттік тілдегі ақпаратты тыңдап, түсіну білу, оқи білу және жаза білу қабілеттерін бағалауды көздейді. Тестті тапсырғандардың білім деңгейі арнайы сертификатпен расталады. Биыл сынаққа қатысушылар саны былтырғыдан көбірек. Жүйе мазмұны төрт бөлімнен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым.
- Жылдан жылға бұл сан көбейіп жатыр. Мысалы биылғы жылы бізде мемлекеттік қызметкерлер тапсырды. Әрбір қазақстандық азамат тілді білу керек, мемлекеттік тілді біліп қана қоймай, құрметтеулері де керек деп санаймын,- дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Армангүл Токтубаева.
Қазтестке қатысып, тіл білу деңгейін анықтауға құлықтылар саны жыл санап артып келе жатқандығы көңіл қуантады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане