Жарқын елдің болашағы- жас маман

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_41_41-2020_9.jpg«Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі, әрі бірегейі жастар мәселесі» деп Елбасы атап көрсеткендей, шынымен де, қоғамның дамуында жастардың алар орны ерекше.


Бүгінгі жас маман Ляззат Жұмасейітқызы Бушман есейгенде қандай мамандық иесі болатынын бала күнінен кесіп – пішіп қойыпты. Адам жанының бағбаны – ұстаз болуды армандаған арманшыл жас осы мамандықтың қыр – сыры мен қадір – қасиетін ерте ұғынып, жүрегіне жақын ұстаздарына еліктеп өседі. Адам баласының бойында қашан да биік мақсат пен асқақ арман болады емес пе? Сондай арманшыл жас 2015 жылы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне студент болып қабылданады.
Әне – міне дегенше, қызығы мен қиындығы мол студенттік өмір өте шықты.Білікті оқытушылардан дәріс алған Ляззат 2019 жылы аталмыш колледжді бастауыш бөлімінде «Бастауыш білім мұғалімі» мамандығын тәмамдап шығады. Биылғы жылдан бастап Валерьян негізгі мектебінде ұстаздық жолын бастады. Аталған мектеп аудандағы нәтижелі білім ошақтарының біріне саналатын қара шаңырақ. Мұнда ұстаз деген ұлағатты атқа кір келтірмей, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген білікті педагогтар жетерлік. Олар өздерінің бай тәжірбиелерін жаңадан келген жас мамандарға үйретуден әсте жалықпайды. Бұл қамқорлықты осынау мәртебелі мамандықты таңдап, еңбек жолдарын енді бастаған бала бағбандар жүректерімен сезіне біледі. Білім ошағындағы – биік жетістіктерге жас ұстаздардың қосқан үлесі қомақты.
- Ұстаздық жолды таңдауымның басты себебі, балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін, екіншіден, өзіме білім нәрін берген ұстаздарыма еліктегім келетін әрдайым. Демек, бірде бір себепкерлер Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебіндегі құрметті де аяулы ұстаздарым. Ия, ұстаздық жол оңай емес. Мен бұл жолды таңдағаныма еш өкінбеймін. Ауыл – қазақтың қаны, мәдениеттің, өнердің алтын қазығы. Өзім қарапайым еңбек адамның отбасында тәрбиелендім. Еңбектің не екенін білемін, түсінемін. Сондықтан жастық күш – жігерімді, білім – мақсатымды осы жолға жұмсауға бел будым. Осы орайда «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан» деп айтқан Абаймен келешек кілтін ұстатқан, Президент бастамасымен жүзеге асырып жатқан игі істерге өзімнің үлесімді қосамын,- дейді жас маман.
Ендеше, еңбек майданына араласқан жас маманның ел үмітін ақтаған, еңбек етіп жатқан ауылының гүлденуіне өз үлесін қоса беретініне сенімдіміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане