Көпбалалы отбасы баспаналы болды

Бүгінгі таңда мемлекет тарапы­нан халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріліп ке­ле­ді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажеттігін де айтқан еді.


Сонымен қатар мемлекет тарапынан «Бақытты отбасы» сияқты тиімді бағдарламалар қабыл­данды. Бағдарлама бойынша баспаналы болған аудан тұрғындарының бірі, көпбалалы ана – Гүлбану Тортаева. Енді аудан тұрғыны Гүлбану ханымның қалада өздерінің пәтерлері бар. Көпбалалы ана бағдарлама бойынша пәтерді қаладан алуды жөн көрген.
- Өте қуаныштымын. Баспаналы адам ретінде өзімді сенімдірек сезіне бастадым. Бұның бәрі балалардың болашағы үшін ғой. Отбасымыздың өз пәтері болғанына қуаныштымын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолайлы шарттарына да ризамын,- дейді Гүлбану ханым.
Жалпы, "Бақытты отбасына" қатысатындардың үш санаты бар: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Осы санаттағылардың бірі болса ғана өтінім беріп, үй ала алады. Аталған үш санаттағы азаматтар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарттарын жасау кезінде несие бойынша төлемнің жалдамалы пәтерге кететін төлем мөлшерімен шамалас болуын қамтамасыз етті. Бұған қоса, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі уақыт өте келе займ бойынша төлемнің төмендеуіне мүмкіндік беретіндіктен, отбасылық бюджетке түсетін ауыртпалық та азаятын болады.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне барғанымызда бізге барлығын түсіндіріп берді. Біздің отбасымыз үшін бұл шарттар өте тиімді болғандықтан, ойланбастан құжаттарымызды жинай бастадық. Басында әрине, аудандық әкімдігі, Набережный ауылдық округінің әкімідігі қолдау білдіріп, мамыр айында маған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берді. Сол сәттен бастап, осы уақытқа дейін біршама уақыт өтседе, біз шыдамдылықпен күттік. Себебі, балаларымыздың болашағы біз үшін маңызды болды,- дейді көпбалалы ана.
"Бақытты отбасы" бағдарламасының көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Қарыз алушы жылжымайтын мүлікті тұрғын үй үшін кезекте тұрған аймағында ғана сатып ала алады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане