«Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несие

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қазіргі уақытта АӨК басым салалары бойынша ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруды жүзеге асыруда. Қор жүзеге асыратын несие өнімдері ауылдық кәсіпкерліктің барлық бағыттарын қамтиды.


Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мира Бисенқызы Қазкеева атап өткендей, "Еңбек" бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин ауданында биыл ауыл бизнесіне жалпы сомасы 121 млн.560 мың теңге несие беру жоспарланған болатын. Алайда, бағдарламаға қатысқысы келетіндердің саны соншалықты көп болғандықтан, бұл соманы үштен бірге арттыруға тура келген. Осылайша, жылдың аралық қорытындысы бойынша орындау 136 млн.810 мың теңгені немесе 135% - ды құрайды. Аудан бойынша барлық ауылдық округтерден 40 қарыз алушыдан өтінімдер қабылданды: мал шаруашылығы саласында 58 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында - 24 млн.теңге, кәсіпкерлікте – 43 млн. теңге. Айта кетейік, өтінім беру бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
- Шағын несие алудың ең белсенді позицияларын Набережный, Асенкритов ауылдық округі және Әйет ауылының тұрғындары көрсетуде. Сондай-ақ, Атамекен ҰКП, әділет бөлімі, "ЖерҒӨО", "Қазпошта" АҚ және "Ветеринария"МКК-ның командалық жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді»,- дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Біздің өңірде қарыз алуға сұранысты ескере отырып, мал шаруашылығы саласын дамытуға қосымша несие қаражаты бөлінді. Мира Бисенқызының айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өздерінің асыл тұқымды немесе тауарлы аналық ірі қара мал басын, жылқыларды көбейтуге, сондай-ақ осы саладағы дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Мал шаруашылығын дамытуға кредит беру бағдарламасы сыйақы мөлшерлемесін 10% - ға дейін субсидиялау мүмкіндігімен жылдық 15% сыйақы мөлшерлемесімен 120 айлық мерзімге 30 млн.теңгеге дейін қаржыландыруды көздейді.
Бағдарлама 4 жылдан астам уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді, Бейімбет Майлин ауданынан қарыз алушыларға қатысты несиені уақтылы қайтару туралы шағымдар түскен жоқ. "Еңбек" несиелеу бағдарламасы туралы толығырақ аудандық кәсіпкерлік бөлімінен біле аласыздар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане