- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 29.10.2020 06:29
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 511
23-ші қазан күні С.Ерғалиев атындағы орта мектебінің жас жол инспекторларының қатысуымен әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторларымен бірлесіп «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясын өткізді.
«Шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Өйткені, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, жол-көлік жарақаты мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Елімізде тіркелетін әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болып жатады.
Аталмыш іс-шараға Азамат Сансызбайұлы Мухамбетжановтың «Жас сарбаз» клубының жас инспекторлары және әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторы полиция аға лейтенанты Қайрат Қазбекұлы Каримов және жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция инспекторы қатардағы Сабина Тимуровна Алимбаева қатысты.
Акция барысында жаяу жүргіншілердің жолды өту ережесін сақтауына әрі жаяу жүргіншілер жолының ережесін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша 50-ге жуық буклет берілді.