Еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық бойынан табылатын қадірлі жан

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_7_7-2021_3.jpg2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ тілі мен әдебиеті саласы бойынша мамандық алған Гаухар Хасымқызы Жаңабаева Қостанай облысы білім департаментінің №12 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесінде мұғалім болып жұмыс істеп, 2011 жылдан бастап Тобыл станциясының теміржол мекемесіне аудармашы хатшы, іс жүргізуші кадр бөлімінің көмекшісі,яғни құжаттармен жұмыс жасады. 2017 жылы Қостанай локомотив пайдалану депосы мен Тобыл локомотив сервис орталығын біріктіріліп, айналым депосы бойынша өндірістік қызметтегі кезекшінің көмекшісі болды.


2018 жылы Қазақ теміржол және байланыс университетін бітіріп, бірінші санаттағы инженер-технолог болып жұмыс атқарды. Электровоз, тепловоз машинистері мен олардың көмекшілерімен локомотивтерді дислакациялау жөндеу бөлімінің міндеттерін орындауын қадағалау, локомотивтерді жөндеуге рәсімдеу, локомотивтердің ақаусыз жай – күйін тұрақты бақылау Гаухар Хасымқызының міндеті болып табылады. Мұнда барлық локомотив бригадаларымен жұмысының ерекшелігі қабылдаудан локомотивті тапсыруға дейінгі міндеттердің дұрыс орындалуы. Ал Гаухар Хасымқызы локомотив бригадаларының лауазымдық міндеттері мен нұсқаулық бұйрықтарын орындауды бақылау, қызметтік хаттама жасайды. Сонымен бірге, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нұсқауларды қатаң сақтау, поездардың қауіптілігін бұзу бойынша келіп түскен барлық телеграф, факсограммалық нұсқаулармен таныстырып, оның уақтылы орындалуын қадағалап отырады.
- Қызықты да көлемді және жауапкершілігі өте жоғары мекемеде жұмыс атқарғаныма 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Өз жұмысымды жақсы көремін. Әсіресе, ұжыммен жұмыс істеу үшін әр адамға жеке көзқарас керек, адам жанын түсіне және сөйлесе білу керек. Мен ұжымымды мақтан тұтамын, әріптестерімде тәжірибесімен бөлісіп, әр істе жан-жақты, жұмыстарын жауапкершілікпен атқарады,спортты өте жақсы көреді. Ұжымдық рух қалыптасқан. Бос уақытымда ән салғанды ұнатамын. Тобыл кентіндегі мерекелік шараларға қатысамын. Сонымен қатар, шахмат ойынына қатысамын. Волейбол, баскетболды жақсы көремін,- дейді Гаухар Жаңабаева.
Теміржол Жүк тасымалы ЖШС Қостанай БП бөлімшесінде Тобыл айналым депосы бойынша кезекшінің көмекшісі Гаухар Хасымқызы Жаңабаева адал жұмысы үшін теміржол саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірнеше рет Алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталған. 2020 жылы Қазақстан теміржолы «Үздік маман» атағы берілді. Г.Х. Жаңабаева теміржолшылар әулетінен шыққан, отбасы бар, 2 баланың анасы. Ұлдары Фархат Ұлттық ұлан Нұр-Сұлтан бөлімше командирі, Әлібек Қостанай политехникалық колледжінің студенті.
Теміржол қай уақытта да мемлекеттің шаруашылық және өндірістік дамуында экономикалық және сауда байланыстарын кеңейтудегі негізгі саласы болып қала береді. Ал, осы салада қызмет ететін еңбеккерлердің бірі, еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық бойынан табылатын қасиеттерге ие Гаухар Хасымқызы, қадірлі тұлғаға лайық!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане