Балаларымыздың болашағы - баршамыздың қолымызда

Қазақстанның тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында "Қайырымды істер" марафонының ұранымен Бейімбет Майлин ауданы тұрғындары әрқашан да қол ұшын созуға дайын тұрады.


«Расыменде, ешбір адам «Менің тұрмыстық жағдайым төмен болсын»,- деп тілемейді, әрбір отбасының өзіндік проблемалары бар. Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көмек көрсету, қиындықтан шығуға көмектесу біздің міндетіміз»,- дейді аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова.
Расымен де, атқарушы мекемелер үшін әрбір отбасы маңызды, әрдайым мекеме бақылауында тұрады. Бұл дегеніміз-өзара іс-қимыл аясында, тұрмысы төмен отбасыларды анықтау және көмек көрсету бойынша жүргізілетін жұмыстар, бақылау, рейдтер, шыдамдылық және осы отбасыларға көмектесуге деген ұмтылыс. Бейімбет Майлин ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясысы әрбір отбасымен дәл осылай айналысады.
Көпбалалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға және оған мұқтаж адамдарға билік һәм қоғам тарапынан бірнеше рет көмек көрсетілді. Өткен аптаның басы жақсылықпен басталған еді, себебі, Павлов ауылдық округінің Апанов ауылында тұратын отбасыға көмек көрсетілген болатын. Павлов ауылдық округінің әкімдігі бірнеше рет қолдау көрсетіп жүрген "Майнинг Машинери" ЖШС Л.В. Мишакинге шынайы алғыстарын білдірді. Әрбір мейірімді, жүрегі кең жанның көмегі өте құнды екені рас.
«Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» – деп Абай атамыз өзінің қара сөзінде текке айтпаса керек. Яғни, мейрімді жанның қашанда айналасындағыларға, табиғатқа деген жанашырлық сезімі, қамқорлығы дайын тұратындығы түсінікті. Ендеше соңғы жылдары көмекке зәру жандарға мейірімділік таныту ісін дәстүрге айналдыра бастаған атқарушы мекемелердің өнегелі ісі мен азаматтық қасиеті өзгелерге үлгі болуы тиіс.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане