АЛИК ШПЕКБАЕВ: БАРЛЫҒЫ БАСШЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛАДЫ, БІРАҚ КЕЗ-КЕЛГЕНІ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛУҒА ДАЙЫН ЕМЕС

b_600_290_16777215_00_images_Screenshot_9.jpg«2020 жылы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін 6 саяси қызметші отставкаға жіберіліп, 9 саяси қызметкер, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымындағы 39 басшы және квазимемлекеттік сектордың 5 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Отставкалар туралы жаңалықтар азаматтар мен БАҚ-тың жіті назарында екенін ерекше атап өткім келеді. Барлығы басшы болуға ұмтылады, бірақ кез-келгені қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес. Отставкаға кету туралы жай өтініш беру және іс жүзінде отставкаға кету – екі түрлі әрекет. Жиі берілетін ескертулер мен сөгістер азаматтардың тек ашуын туғызады. Сондықтан, заңмен қоса моральдік-этикалық қағидаттарды да басшылыққа алатын уақыт келді.

Осы тұрғыда біз кеңесіп, Агенттік қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берсе оның тікелей басшысын атқаратын лауазымынан бірден босату туралы шешім қабылдадық. Тек басшылар сыбайлас жемқорлық фактісін өз бетінше анықтап, жолын кескен жағдайларда ғана қолданылмайды».


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане