ЕКІ ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАН НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕЙТИНГТЕРДЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

«Жалпы, біз былтыр былтыр Дүниежүзілік банктің Жемқорлықты бақылау индикаторы бойынша пайыздық көрсеткішті екі есеге арттырдық және Transparency International-дің Жемқорлықты қабылдау индексінде 38 балл иеленіп, халықаралық сахнада тарихи нәтижеге қол жеткіздік».

Салыстырғанда, егер 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта, яғни 7 жылда СЖҚИ-де 124 орында болып, небәрі 3 баллға (28-ден 31-ге дейін) көтерілсек, тек соңғы екі жылда 7 балл жинап, рейтингте 30 пунктке жоғары – 124-ші орыннан 94-ші орынға көтерілді. Осылайша, біз жемқорлықты қабылдаудың қалыпты дегңгейіне сенімді түрде тұрақтадық.

Біз Мемлекет басшысының жемқорлықты түбегейлі жоюға, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануына бағытталған ерік-жігері мен кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғыртудың арқасында халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердегі динамикалық өсім әсіресе, қазіргі күрделі экономикалық кезеңде өзекті саналатын Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық өсімге жағымды әсер етеді» - деді А.Шпекбаев.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане