Қоғамдық бақылау

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_13_13-2021_5.jpgБейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметі азаматтық қоғам өкілдерімен: «Бейімбет Майлин ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ басшысы Павел Абрамовпен, «Үміт-2050» ҚБ мүшесі Мира Салимовамен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде.


Ағымдағы жылғы наурыз айында үш мекемеге барды: аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, бір ұсыныс әзірленді. Қоғамдық бақылау жүргізу туралы ақпарат әлеуметтік желілерде орналастырылған. Жүргізілген жұмыс нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша аппараттық кеңестерге шығарылады, сонымен қатар қоғамдық бақылау жұмысы туралы ақпарат алдағы қоғамдық отырыс барысында жарияланатын болады.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане