Коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_18_18-2021_7.jpgВакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан, коронавирустан болатын аурудан қорғайды.


Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн.
Өткен аптаның басында ауылдық округ әкімдеріне екпе егілді. Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасов өзінің әрі жақындарының, отбасының қамын ойлағандықтан, денсаулықтың қадірін білген жан өткен аптада вирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Ешқандай жанама әсері болған жоқ, дейді Мақаш Елікұлы.
- Қанша адамдардың осы жаман, қауіпті індетпен ауырғандарын өз көзіммен көрдім. Қаншама адамдар туыстарын жоғалтып жатыр. Осындай вакцина пайда болғанына қуанамын. Және адамдарды осы вакцинаны алуға шақырамын,- дейді ауыл әкімі.
Вакцинаның екінші компоненті 21 күннен кейін салынады. Дәрігерлер бұл мерзім өтіп кетсе, екпе алуды тым созуға болмайды деп кеңес береді. Себебі, уақытылы салынған вакцина – ағзаның қорғаныш қабілетін нығайта түседі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане