Ел қорғаны болу - ер жігіттің бақыты

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_24.06_2.jpg

Ер бала – отбасының тірегі, елінің қорғаны. Мықты қорғаны болмаған елдің болашағы да бұлыңғыр. Ал намыс туын желбіретіп, жауыңның құтын қашыратын – әскери жұмыс.
Сондықтан тепсе темір үзетін жас жігіттерді Отан алдындағы борышын адал өтеп, әскерге аттануға баулу маңызды, және әрі қарай әскери саланы жалғастыру өз еріктерінде.
Бүгінгі санымызда ағайынды Ермухамбетовтер туралы айтатын боламыз. Арман және Самат- ауданымыздың мақтаныштары деп ауыз толтырып айта аламыз. Қысқаша ақпарат беретін болсақ, Арман Ерікұлы Ермухамбетов 1995 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Кеңес Одағы флотының адмиралы Н.Г.Кузнецов атындағы "Әскери-теңіз академиясы" Әскери-теңіз флоты әскери-оқу ғылыми орталығының 5-курс курсанты. Қазіргі таңда Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында білім алып жатыр.
- Академияда спортпен шұғылданамын және қазіргі уақытта арнайы факультеттің старшинасы (шетелдік әскери қызметшілер бөлімшесі) лауазымындамын. Академияға "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" құрылымынан оқуға түсіп, осы құрылымда келісім-шарт бойынша қызмет атқардым. Академия 22 мамандық бойынша офицерлердің толық әскери-кәсіби даярлығын қамтамасыз етеді. Оқыту 5 жыл бойы жүргізіледі,- дейді Арман Ерұхамбетов.
Ал, інісі Самат Ерікұлы Ермұхамбетов, 1998 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. 2009-2016 Ж.ж. ҚР Қорғаныс министрлігі РММ "Жас Ұлан" атындағы республикалық мектебінде оқыған. армия генералы Нұрмағамбетов С.К.

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_24.06_3.jpg
-Қазіргі уақытта Әскери-әуе академиясында 5-курста оқимын. Ю. А. Гагарин атындағы Воронеж әскери авиациялық техника мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану және қалпына келтіру мамандығы бойынша Ресей Федерациясы. Әскери-ғылыми жұмыстармен айналысамын және «Ю.А. Гагаринді еске алуға арналған жасақ оқулары" жинақтарында жарық көрген бірнеше мақалалардың авторымын, сондай-ақ әуесқой футболмен айналысамын. Әскери-әуе академиясы жедел-тактикалық дайындық деңгейіндегі офицер-тыңдаушыларды (магистратура), сондай — ақ 18 азаматтық және 26 әскери мамандықтар бойынша курсант-болашақ офицерлерді (специалитет) оқытуды жүзеге асырады,- деп, бөлісті Самат.
Расында, біз сөз еткен әскерге бару және бармау немесе әскери салады қызмет ету қазіргі таңда өзекті мәселе екені даусыз. Оны шешудің төте жолы – жас өренді қазірден рухани құндылықтарды білуге жетелеп, батыр бабаларымыздың жолымен жүруге баулу қажет. Өйткені, әскери өмірде шыңдалу адамға өмірлік тәлім-тәрбие, терең түсінік пен тағдырдың түрлі дауылдарына қарсы тұра алатын тәжірибе сыйлайды. «Отан отбасынан басталады» десек, қиындықтарға төзе білген әрбір сарбаз өз отбасы мен Отанын қорғай алады деп нық сеніммен айтуға болады. Елі мен жерінің қорғаны болу – ер жігіттің бақыты екенін естен шығармайық...


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане