«Елбасы кубогі» республикалық турнирі

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_28_28-2021_3.jpgБәйге түрлерінен өткен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі қорытындыланып, елге танымал үздіктердің қатарына тағы біршама тұлпар іріктеліп қосылды.


Нұр-Сұлтан қаласында өткен Аталмыш турнирде Елизаветин ауылдық округінің жас шабандозы Асқар Төребаев бақ сынасты. 3 жасынан атқа мінген жас бала бүгінде атты өзінің досы деп санайды.
- Мен бұл турнирге баруға қатты дайындалдым. Мен үшін үлкен жетістіктердің бірі десем де болады. Белгілі бір орынды ала алмасамда, тұлпарым «Тұмар» мықты деп айта аламын. Жарыста 100 деген тұлпар бақ сынасты. Шабандоздары да мықты болды. Жарысқа қатысқандағы әсерімді сөзбен айтып жеткізі алмаймын. Әрбір қаланың, облыстың мықтылары жиналған жарыс болды,- дейді Асқар.
Әкесі мен ағасының соңынан еріп келе жатқан Асқар бүгінде жақсы шабандоз деп айтуға тұрарлық жігіт. Талай жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан Асқарға алдағы уақытта да алар асулары мен тұлпарының жүйрік болуын тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане