«Жастар практикасы» - тиімді бағдарлама

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_29_29-2021_7.jpg«Жастар практикасы» - арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол.


Оқу орындарының түлектерін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыспен қамту органдарымен ойдағыдай қолданылады. Ең алдымен жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту орталығына өзіңіздің жеке куәлігіңіз бен дипломыңызды алып баруыңыз керек. Әрі қарай сізбен мамандар жұмыс жасайтын болады. Жұмыспен қамту орталығы берген ақпаратына сүйенетін болсақ, аудан бойынша 12 жас маман жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып жатыр. «Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі. Жастар практикасы ұзақтығы 6 айға дейін. Еңбекақы ай сайын төленеді. Қазіргі таңда еңбекақы 25 МРП құрап отыр,»-дейді жұмыспен қамту орталығының басшысы Руслан Мукашев.
Мадина Мадиева, мемлекеттік бағдарлама қатысушысы:
- Жастар практикасы бағдарламасы арқылы ауданға жолдама алып келіп, тәжірибе жинақтаудамын. Аудандық сотта тапсырмаларды орындап, осындағы білікті мамандардан білмегенімді үйренудемін. Өзімнің туған жерім болғандықтан, осы жерде тұрамын. Болашақта тұрақты жұмысқа кірсем деген мақсатым бар. Және Қостанай қаласындағы жоғарғы оқу орнына да тапсырып, бағымды сынап көргім келеді.
Ел аумағындағы жүзеге асып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтып, бағыт-бағдар сілтеуді мұрат тұтқан. Тек ынта-ықыласыңыз болсын.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане