«Жаңа әліппе-жаңа емле»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_35_35-2021_11.JPGАудандық тілдерді оқыту орталығы «Рухани-жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша қазақ тілінің латын графикасына көшуін ілгерілету бойынша халық арасында түсіндіру – ақпараттық жұмыс жүргізілуде.


27-ші тамыз күні аудандық тілдерді оқыту орталығының шағын залында облыстық тілерді оқыту басқармасы мамандарының кезекті облыстық семинар өтті. Аталмыш іс-шара мекеме қызметкерлерімен онлайн форматта өткізілді. «Жаңа әліппе-жаңа емле» тақырбы облыстық семинардың басты тақырыбы болды. Аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Армангүл Туктубаева ауданымыздың латын ғарпіне тікелей байланысты өтіп жатқан іс-шаралармен толығырақ бөлісе кетті.
-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасына негізделген бекітілген әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасынан кейін орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары бекітілген әліпбиді ғылыми-практикалық сынақтан өткізді. Латын графикасына негізделген 40-тан астам жоба қаралып, ғалымдар тарапынан әліпби жобалары авторларының тікелей қатысуымен талқыланып, талдау жасалды. Қазіргі уақытта жетілдірілген әліпбидің жекелеген нышандарын талқылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. XXI ғасырдағы ғылыми-білім беру үдерісі мен заманауи коммуникация ерекшеліктерінің арқасында жаңа әліпбиге көшу жастарға, тіпті балаларға да оңай болады. Өйткені қазір жастардың басым бөлігі қазақ тілінде және интернет-кеңістікте мәтіндік хабарламалар жіберу үшін латын әліпбиін қолданады. Жас ұрпақ қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін сәтті игере алады деп сеніммен айтуға болады,- деп бөлісті басшы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане