Аудан жолдары жөнделуде

Биылғы жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында біршама көшелеріміздің жолдары жөнделуде.


«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған. Қазіргі таңда, Набережная және Советская көшесінің жолдары жөнделініп, ендігі кезекте Болашақ және Садовая көшелері жөнделініп жатыр. Болашақ көшесінің ұзындығы 7355 ш.м және 40,6 млн қаражат бөлінген. Ал, Садовая көшесінің ұзындығы 8456 ш.м, аталмыш көшеге бөлінген қаражат 43,8 млн құрайды.
Аталмыш жөндеу жұмыстарын мердігер "FAVORIT GOLD" ЖШС тамыз айында бастап, қазан айында толық қолданысқа беруге дайын.
- Міне, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша осындай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Кеңес үкіметі кезінен ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Жолдар бұзылып қалған. Бұл да үлкен жұмыс,- дейді көше тұрғындары.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане