Қайырымдылық акциясы жалғасуда

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол"қайырымдылық акциясы басталғаны баршамызға мәлім.


Акцияның мақсаты: әлеуметтік жағдайы нашар отбасы балаларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты, балалардың мектепке келмей қалу жағдайын болдырмау, оларға қолдау көрсету.
Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз,«Мектепке жол» акциясы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара аламыз!
Аталмыш акция аясында «Тугельбаев» ШҚ, «Лакисов» ШҚ, «Әділет»ЖШС, «Алтын Елтай»ЖШС, «Сұлу» ЖШС өз көмектерін көрсетті.
Сонымен қатар, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, оған атсалысқан "Olzha Storege" ЖШС, Шукубаевтар отбасына, «Караоке бар Туман» басшысына, Қуантай отбасына, Тобыл станциясының жедел жәрдем қызметкерлері Алимбекова Ж.М., Жайлыбаева М.Н, "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі сигнализация және байланыс дистанциясы, байланыс цехы" ҚТЖ ҰК АҚ филиалы, "Транстелеком" АҚ алғыстарын білдіреді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане