Сурет байқауы өз мәресіне жетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_36_36-2021-3.jpgАбай Құнанбаевқа арналған сурет байқауы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Бұл сайысқа кез-келген суретке құмар жеткіншек қатыса алды. Аудандық жастар ресурстық орталығының өткізіп отырған байқауына 10 оқушы бақтарын сынаған болатын.


Өткен аптада «Абай Құнанбаев» шығармалары бойынша балалар суреттерінің аудандық онлайн конкурсы басталды. Байқау Ұлы ақын Абай Құнанбаевты дәріптеу және жастарды шығармашылық өмірге тарту мақсатында өткізілді.
Әрине, қазылар алқасына шешім қабылдау өте қиын болды, бірақ ортақ пікірге келіп,олар келесідей жүлдеге ие болды: Асем Ахметова-4-6 жас санаты бойынша 1- орын,Самир Ахметов - 6-8 жас аралығында 1-орын, Кира Лантух-9-12 жас санатында 1-орын,Улета Галстян-9-12 жас санатында 2-орын, Валерия Екимова-13-15 жас санатында 1-орын,Альбина Салынбаева және Алина Утепова-16-18 жас санаты бойынша 1-орын,Таисия Прутникова аудандық онлайн дауыс берудің жеңімпазы атанды.
Грабовская Анастасияның жұмысы үздік болып танылып, Қостанай қаласына суреттер байқауына жолдама алды.
Байқау жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жастардың шығармашылық қызметін ұйымдастырғаны және насихаттағаны үшін тәлімгерлерде Алғыс хатпен марапатталады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане