Мекеме қызметкерлері Қазтест тапсырды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_37_37092021-4.jpg

Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау сынағы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара тіл үйренушілердің мемлекеттік тілдегі ақпаратты тыңдап, түсіну білу, оқи білу және жаза білу қабілеттерін бағалауды көздейді.
Қазтестке қатысып, тіл білу деңгейін анықтауға құлықтылар саны жыл санап артып келеді. Биыл сынақ тапсырушылар саны 50 . Дені мемлекеттік қызметшілер.
Казтест жүйесінің негізгі мақсаты: қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, оларды қазақ тілін жетік білуге бейімдеу. Сынақ үш кезеңнен тұрады. Әрқайсына жарты сағат уақыт беріледі.
- Мемлекеттік қызметкерлерге жоғары талаптар қойылады. Оның ішінде тілді білуде де. Хат алмасу, азаматтармен сөйлесу. Соны тексеру үшін, өз деңгейлерін анықтау үшін әр жыл сайын қазтест тапсырады . Міне, біздің тілдерді оқыту орталығы сондай мүмкіндік беріп отыр,- дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Армангүл Туктубаева.
Сынақ нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық бірыңғай тестілеу орталығында шығарылады. Ал, мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер болса, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін одан әрі арттыра түспек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане