Жерлесімізді еске алу жарысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_37_37092021-8.jpg

11 қыркүйек күні ауданымызда бір кездері «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған, өлкенің қоғам қайраткері Николай Эммануилович Гейнцті еске алуға сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі жеңілатлетикалық жүгіру өтті.
Мұндай ауқымды еске алу жарысы 11 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты - Николай Гейнцтің қызметі мен сіңірген еңбегін еске алу ғана емес, сонымен қатар жүгіріске қатысушылардың негізін қалаған жас спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс алдында «Nur Otan» партияcы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға Николай Эммануиловичтің сіңірген еңбегі туралы айтып берді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане