Саяси кеңес бюросы отырысы өтті

22 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ғимаратында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасы Қайсар Мыржақыповтың басшылығымен, сонымен қатар кеңес мүшелерінің қатысуымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Жиында карантин талаптарын сақтай отырып, күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды. Олар: Бейімбет Майлин ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы туралы "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!", сонымен қатар, ықтимал тәуекелдер және "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын шешу жолдары туралы "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!" тақырыбы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселенің қабылдануына кеңес мүшелері бір ауыздан дауыс беріп, бекітті. Партия төрағасы күн тәртібіне ұсынылған мәселені басшылыққа ала отырып, кеңес мүшелерінің қолдауымен қаулы қабылдады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане