Вакцина алып, сыйлыққа ие болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_38_230938-3.jpg

Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар әлі азаяр емес. Мамандар аурудың бірден бір алдын алу жолы вакцина алу деп есептейді.
Пандемия басталғалы әлем ғалымдары ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керегін айтып келеді. Өйткені халықтың басым бөлігі екпе алса, қазіргідей тез таралмайды. Дегенмен, екпе алуды қауіп санайтындар қатары әлі көп. Ал өз денсаулығы үшін саналы қабылдап, ерікті түрде екпе алып жатқандар да жетерлік. Оның ішінде толығымен вакцина алып үлгерген ұжымдар бар.
Осыған орай, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ акция ұйымдастырған болатын. Акцияға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының қызметкерлері – Кәсіподақ мүшелері, 15 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде «COVID-19» инфекциясына қарсы вакциналардың кез келгенінің бірінші компонентімен вакцинацияланғандарға қатысуға мүмкіндіктері болды.
Аталмыш акцияға қатысып, екпе алған Е.Омаров атындағы негізгі мектебінің қызметкері Ирина Витальевна Кубжасарова микротолқынды пеш жеңіп алды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане