Қыс таяу, оған дайындық қалай?

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_38_230938-4.jpg

Әні-міне дегенше қыс қаһарына мініп келері анық. Расында, қыр астында тұр. Оған дайындықты үдетпесек, опық жеуіміз әбден мүмкін.
Сондықтан, аудандық мәдениет үйінің қысқа дайындығы қалай екенін саралап көрдік. Аудан бойынша 15 ауылдық клубтары бар. Жалпы алғанда, қазіргі таңда жылытылатын нысан -15, оның ішінде газбен қамтамасыз етілген мәдениет клубтар- 2, ал, көмірмен жылытылатын нысан- 2, орталықтан жылыту -11 ауылдық клубты құрап отыр.
Нысандардың дайындығын арнайы құрылған мамандар тобы тексеріп, кейбір әлеуметтік нысандардың жылыту қазандықтарының жарамсыздығы мен қатты отындардың дер кезінде жеткізілуі мәдениет үйі директорының құзырында болады.
-Алдағы қыстың қандай мінез танытатыны белгісіз. Сондықтан жылыту маусымына дейін барлық әлеуметтік нысандардағы дайындық жұмыстарын бітіріп, анықталған ақауларды уақытылы түзету керек екені анық, сол себепті, барлық ауылдық клубтардың қысқа дайындықтарын 100% толық қамтыдық десек болады. Қазіргі таңда, көмір жеткізуге 150 тоннаға шарт жасалды. Оның ішінде 125 тонна Калинин АМҮ, және 25 тонна Нагорный а/к тапсырылды,- дейді мәдениет үйі директоры Гүлсім Мурзабаева.
«Сақтықта қорлық жоқ»,демекші, қысқа дайындық жұмыстарына бей-жай қарамайық. Себебі, қыс қаһарына мініп келгенде көмір қымбаттап, тапшы болатыны тағы бар...


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане