- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 23.09.2021 07:12
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 478
«Көркейе бер, Қостанай!» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық Е. Өмірзақова мәдениет үйі ғимаратының қаптауын жөндеу бойынша әлеуметтік жоба аяқталды.
Аталмыш жоба «Варваринское» АҚ қаражаты есебінен жөнделді. Жалпы сомасы 12,5 млн құрады.
Аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу материалдық базаны сақтау, ғимараттың сыртқы түрін жаңарту, үй-жайлардың эстетикалық интерьерін жасау үшін қажет. Аудандық мәдениет үйінің сыртқы келбетін жаңарта отырып, мекеменің барлық жастағы және әлеуметтік топтағы келушілер үшін беделі мен тартымдылығы артады. Сонымен қатар, мәдениет үйін жөндеу мәдениет пен өнерге баулуға, халықтың барлық санаттарының шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру бойынша қазіргі заманғы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Аудандық мәдениет үйі сүйікті демалыс орнына, достарымен және таныстарымен кездесу орнына айналатыны анық.
«Көркейе бер, Қостанай!» кіші жобасы аясында «Айгөлек» балабақшасына көлеңкелі бастырмаларды сатып алу және орнату жобасы да өз мәресіне жетті. Аталмыш жоба «Варваринское» АҚ қаражаты есебінен жөнделді. Жалпы сомасы 12,5 млн құрады.