«Бірге - Таза Қазақстан» акциясы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_38_230938-10.jpg

Бәрімізге белгілі, 20 шілдеде еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин «Бiрге – Таза Қазақстан» жаңа экологиялық акциясын бастап берді.
«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді» деген болатын премьер-министр. Иә, бұл акция аз уақыттың ішінде еліміздің барлық өңірінде қолдау тауып, белсенді жүргізілуде.
Қолға қолғап киіп, қоқысқа арналған қапшығын қолтықтаған жандардың көздегені бір. Басты мақсат – көрнекі орындар мен табиғи аумақты қоқыстан тазартып, таза ұстау. Акцияға мемлекеттік қызметкерден бастап қарапайым халыққа дейін белсенділік танытып жатыр. Әлеуметтік желілерде кең тараған эко-челленджге #Birge #TazaQazaqstan хештегі қойылып, жазылған сурет пен жазбалар жетерлік. Бір ғана «Инстаграм» әлеуметтік желісінде осы хештегпен белгіленген 3000-нан аса сурет жүктелген.
Жоба аясында аудан тұрғындары саябақтарды қоқыстан тазартты. Мұнан бөлек үлкен жолдардың бойы мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме дана халқымыз. Барлығымыз бірлесе, белсене қатыссақ әлі талай белесті бағындырамыз. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане