Тең мүмкіндіктер үшін

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_41_41-2021_11.jpg7 қазанда орталық аудандық кітапхананың оқу залында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Г.Ж.Асанова аудандық мәслихат депутаты, «Мүмкіндігі шектеулі жандар» қоғамының төрағасы Павел Владимирович Абрамовпен кездесу өткізді.


Кездесу облысымызда 7-17 қазан аралығында өткізіліп отырылған ақпараттандырылу онкүндігі шеңберінді өтті. Мүгедектердің әлеуметтік бейімделуіне және олардың қоғамға кедергісіз кіруіне байланысты өзекті мәселелерді шешуге барлық қолда бар ресурстарды жұмылдыруға бағытталған ақпараттандырылу күні өзге елдерде қырық жыл бойы өткізіліп келеді екен. Біздің елде бұл жұмыс 2020 жылдан бастау алды. Онкүндік аясында инклюзивті мәдениет пен халық арасында мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған түрлі ақпараттық -танымдық шаралар өтеді. Павел Владимирович аудандық мүгедектер қоғамының қызметі туралы және алдағы жұмыс жоспарлары туралы, мүмкіндігі шектеулі талантты адамдар туралы айтты, «Қол жетімді орта» бағдарламасы тақырыбына тоқталды. Ол аудандық мәслихат депутаты ретінде қандай жұмыстар атқаратынын және ауданның қоғамдық өміріне қатысуы туралы айтып берді. Гаухар Жақсылыққызы ынтымақтастық үшін, өрбіген қызықты әңгіме үшін ризашылығын білдірді және кітапхана ұжымы атынан денсаулық және жұмыстарына табыс тіледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане