Озық жабдықталған химия кабинеті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_41_41-2021_6.jpgБіз таңғажайып керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің көз алдымызда адамдардың ғасырлар бойы армандаған арман-тілектері орындалып жатыр. Бүгінде ең фантастикалық жобаларды және қиял-ғажайыптарды химия ғылымынсыз іске асыру мүмкін емес. Химия ғылымын ұлы сиқыршы, ғажайыпты жасаушы деп атауға болады.


Ол графитті жалтыраған алмазға оңай айналдыра алады, қағазға металдық беріктік береді, ол тамақтандырады, киіндіреді, емдейді, жуады, космосқа көтерілуге және мұхит түбіне дейін түсуге мүмкіндік береді. Оның табиғаттағы, жаңа материалдарды және энергия көздерін жасаудағы, сонымен қатар тұрмыстағы рөлі өте зор. Химиялық білім қоршаған орта мен химиялық үдерістер мәнін терең ұғыну үшін қажет.
Химия - өте қызықты ғылым және жалпы білім беру ғылымдарының ішіндегі өте күрделісі. Сондықтан да әрбір педагогтің міндеті - әрбір білім алушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін белсенділік әрекетін, химияға деген қызығушылығын арттыру. Өйткені, білім алушының білім сапасы көбінесе оқу пәніне деген қызығушылығына байланысты. Биыл Тобыл кентінде жаңадан ашылған № 2 Тобыл жалпы білім беретін қазақ мектебіне Б.Майлин аудандық әкімшіліктің қолдауымен облыстық бюджеттен бөлінген қаражатпен ЖШС «iSAPA» химия кабинетін жабдықтады. Оқытуды қамтамасыз ететін оқу жабдықтары, жиһаздар мен қондырғылар орналастырылған. Кабинетте материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуы мен қамтылуы, оқу кабинетінің безендірілу мәдениеті, техникалық қауіпсіздік ережелері мен санитарлық-гигиеналық норма талаптарын сақтау, сонымен катар кабинеттің интерьері заманауи талаптарға және ең алдымен пәнді оқытудың ерекшеліктеріне сай. Химия пәнінің мұғалімі Шайқығали Алтынай Алпысқызы сабақ түсіндіру кезінде қолайлы жағдай туып, оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктері артып отырғанын айтып, зор ризашылығын білдірді. Алтынай Алпысқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтын химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген өз жүрекжарды ризашылыығын білдірді:
- «Химия - тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі. Сондықтан да химия сабақтарында біз көптеген заттарды кездестіреміз, оларды араластырамыз, қыздырамыз және тотықтырамыз, т.с.с. Яғни, берілген тапсырмаға сай химиялық реакция жүруі үшін бәрін жасаймыз. Ал, бұл мақсатта сұйықтықтарды, газдарды, ұнтақтарды және т.б. күйдегі әр түрлі заттарды қолданамыз. Заттардың негізгі химиялық қасиеттерін біле отырып, реакция нәтижесінде не болатынын болжауға болады. Мен химия пәнінен 7 мен 11 сыныптарға беремін. Осы химия кабинетінің жарақтандырылуы оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырды. Яғни, заттарды тәжірибе арқылы көріп, қолмен жасағаннан кейін, химияның өте қиын емес, қызық екендігін көреді. Оқушылар кез келген заттың құрылысын тәжірибе жүзінде атомдарды біріктіріп молекулаларды құрастырады».
Ең бастысы химия кабинетінде қауіпсіздік ережесі сақталған , мысалы, оттан тәжірибе көрсетілді. Реактивтік заттар құрал- ыдыстар бар. Көп функциалды сенсорный интернет таратылған жылжымалы интеративтік тақта сабақ барысында өте қолайлы. Оқушыларға түсіндіру кезінде видео арқылы көрсетуге болады. Парталар мен орындықтар отқа төзімді материалдан жасалған. Купе шкафта барлық қажетті құралдар сақталады. Тәжірибе жасау барысында лабораториялық ыдыстар мен өлшеуіш құралдарды дұрыс пайдалана білу, химия кабинетінде аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Сондықтан лабораториялық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Шынайы көрсетілген тәжірибенің көмегімен білім алушының дүниетанымын кеңейтуге, әр түрлі тәжірибелік дағдыларды алуға болады.
Химиялық эксперимент химиялық білімді меңгертуде жетістікке жетудің қажетті жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол химиялық өндіріс технологиясын түсінуге көмектеседі, жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады, бақылаушылық, өз бетінше жұмыс жасау және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына, теориялық білімін пайдалана отырып, бақылаған құбылысын түсіндіре білу, себеп-салдар байланысын орната білу білігінің дамуына әсер етеді. Мұғалім оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырады, бағыттайды, бақылайды, бағалайды және оқу, тәрбие және даму мақсаттарын іске асыру арқылы жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді.
Қазіргі ғылым, техника және өнеркәсіптің қарқынды дамуы жағдайында және әлеуметтік-экологиялық жағдай өзгеріп жатқан кезде мектептерде химияны қазіргі заманғы оқытудың маңыздылығы - уақыт талабы. Ең алдымен мұғалім өзі оқытатын топтағы әр оқушының мінезін, химия пәніне деген қызығушылығын, оның пәнге шығармашылық қатынасын анықтауы керек.
Оқушыларға жауаптарын арттыру үшін саралауды, сабақ ойындарын ұйымдастыруды, қойылған сұрақтардың алуан түрлілігіне назар аударуды, өзін-өзі тексеруді, ауызша жаттығуларды, пікірсайыстарды, нәтижелер мен жауаптарды түсіндіруді үйрету керек. Осы әдістерді қолдану оқушылардың химияны дамыту және ойлау қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар оқушының басқаша ойлау, сұрақтарға дұрыс және дәл жауап беру, өз бағалары туралы түсінік беру, білімін өздігінен тексеру, жарыстарға қатысу және өз бетінше ойлау қабілеттерін арттырады. Бұл оқушылардың біліміне оң әсер етеді. Оқушылардың идеяларын мақсатқа бағыттауға, олардың оқу нәтижелерін болжауға және олардың жақсы нәтижеге жетуін қамтамасыз етуге бағытталған заманауи педагогикалық технологияның пайдасы орасан зор.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане