Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп

Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.


Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді.
«Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Терроризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар.
«Думан» Мәдениет үйі ұйымдастырған «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» атты тақырыпта № 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен Тобыл кенті «Ажар» мешітінің имамы Назаров Расул Айбекұлымен кездесу өтті. Расул Айбекұлы оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беріп, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындырды. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу керек екенін түсіндіріп өтті. Қазіргі уақытта бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндірді. Расул Айбекұлы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектебімізде оқушыларға дұрыс діни түсінік қалыптастыру үшін діни экстремизм тақырыбы ұдайы басты назарға алынатын болады. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен жете таныс болуы керек.
Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз. Жер-жаһанды жаулаған экстремизм, терроризм. Бұл кесел жаңа ғасырда белең ала бастаса да әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді. Сол себепті де осы діни алауыздықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасын жасалған. Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау». Иә, адасып барып жол тап­қан­ша, басқа сүрлеуге түсіп кетпеуді ойлауымыз керек. Егер біз лаңкес­тер­дің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, күш-жігерімізді дәл осы мақсат­та жұмсауымыз керек. Ол үшін дін атын жамылған, теріс пиғылдарын іске асырмақ болған экстремистер мен лаң­кес­терге қарсы тұру – бәрімізге ортақ міндет.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане