Вокзалдағы пандус

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_48_48_12.jpgҚазіргі таңда Үкімет тарапынан 2019-2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытына арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Бұл жоспарда арнайы қажеттіліктері бар адамдар үшін тұрғылықты жерінен бастап, қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған.


Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен қорғалған және осы Заңның шеңберінде мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, ғимараттар мен үй-жайларға кіріп-шығуына қамтамасыз ету айқын көрсетілген.
Тобыл кентіндегі теміржол вокзалында мүгедектерге арналған пандус қайта жөнделіп салынды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы, әрі талапқа сай орнатылды. Пандус Қостанай теміржолы бригадасы және Теміржол вокзалы жұмыскерлерінің көмегімен орнатылды.
Мүгедектер қоғамының жетекшісі Абрамов Павел Владимировичтің айтуы бойынша:
- Жаңа пандустың пайдалануға берілгендігі - үлкен қуаныш. Бұрын өте ыңғайсыз болатын. Енді ол мәселе шешілді деп ойлаймын. Жүріп өтуге ыңғайлы.
Теміржол вокзалындағы пандусты қабылдау кезінде әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімі және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Жанна Жұмабайқызы Қалимовамен бірлесіп тексерілді. Пандус жұмысы басынан бастап бақылауға алынып, қадағаланды. Бұл пандус барлық стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане