Қостанай облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2021 жылғы 4 тоқсандағы есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Айтылған

ескертулер/ұсыныстар

Орындау мерзімдері Орындалу барысы
Б. Майлин ат. аудан
  1. 1. 
«Береговое ауылында жоғары және төмен қысымды газ құбырын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2021 жылдың желтоқсаны

Орындалуда

2020 жылы «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Береговое ауылының газ тарату желілерінің құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. 2021 жылы объект бойынша ЖСҚ әзірлеуге 16327,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Мердігер ұйыммен конкурстың қорытындысы бойынша «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Береговое ауылының газ тарату желілерінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге «Әсем жоба құрылыс» ЖШС анықталды. 2021 жылдың 20 қарашасында Қостанай қ. «КазТрансГазАймак» АҚ газ тарату желілерін жобалау және қосуға техникалық шарттар берілді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс аяқталады, осы іс-шаралар аяқталғаннан кейін осы жобаны іске асыру үшін ақша қаражатын бөлуге салалық басқармаға бюджеттік өтінім беру жоспарлануда.

  1. 2.
«Май ауылындағы су құбырын және тарату желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2021 жылдың желтоқсаны

Орындалды

2020 жылы «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Май ауылындағы су құбыры мен тарату желілерін қайта жаңарту» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге 15,3 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде 2020 жылы 1,3 млн. теңге игерілді, 2021 жылға 10,5 млн. теңге, жобаны сараптау 1,3 млн. теңге.

Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдын ала құны 1 млрд.теңгені құрайды. 2022 жылы осы жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім берілді.

  1. 3. 

Май ауылының Парковая көшесін жөндеу жөніндегі мәселені қарау және ұсыныстар енгізу

2021 жылдың маусымы

Орындалды

Парковая көшесінің жөндеу бойынша жұмыстары (стелладан ескерткішке дейін) аяқталды. Осы іс-шараға 74,2 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді, оның ішінде ұлттық қордан 66,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен 7,4 млн. теңге.

  1. 4.
Асенкритов ауылында спорттық-жаттығу алаңын орнату туралы мәселені қарау 2021 жылдың маусымы

Орындалды

«Варваринское» АҚ меморандум аясында Асенкритовка ауылында 7,5 млн.теңге жалпы сомасына спорттық-жаттығу алаңын, паркур және балалар ойын алаңы орнатылды.

  1. 5.
Май ауылында спорт алаңын салу жөніндегі мәселені қарау және ұсыныстар енгізу 2021 жылдың сәуірі

Орындалды

«Май ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылға арналған «Варваринское» АҚ-мен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы Меморандумға спорт алаңын салу жобасын енгізу туралы ұсыныс енгізді.

  1. 6.
«Әйет ауылында жалға берілетін 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2021 жылдың шілдесі

Орындалды

«Айет ауылында жалға берілетін 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, нысанның жалпы сметалық құны 304409,04 теңге, оның ішінде құрылыстың сметалық құны 281251,275 теңге. 23.08.2021 жылғы № EL-0013/21 ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ауданы 0,4472 га 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жер учаскесі ресімделді, инженерлік желілер үшін жер учаскелерін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  1. 7.
«Асенкритов орта мектебі» КММ шатырын жөндеу бойынша жұмыс жүргізу 2021 жылдың қыркүйегі

Орындалды

«Асенкритов орта мектебі» КММ шатырын жөндеу «Құрылыс ТМ» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомасы 37,7 млн.теңгеге жүргізілді.

  1. 8.
Әйет ауылында қосымша қоқыс контейнерлері мен қоқыс жәшіктерін орнату мүмкіндігін қарастыру 2021 жылдың қазаны

Орындалды

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жалпы сомасы 650,0 мың теңгеге ҚТҚ жинау үшін 10 контейнер сатып алуынды және орнатылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане