- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 06.05.2022 06:46
-
Автор: Аманкуль КАРИМЖАНОВА
-
Просмотров: 432
Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен батырларды мадақтау, олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету - бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызы.
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді дегендей ата-бабаларымыз қалдырған ерліктері, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жалғасын табуда. Алда келе жатқан 9-мамыр жеңіс күні де өзіміз білетіндей оңайшылықпен келген жоқ. Осындай бейбіт және де тәуелсіз күнге жетуге маңдай терін аямай ерлік көрсеткен батыр есімі әрқашан жадымызда қалары сөзсіз. Сондай батыр атасымен мақтанып үлгі тұтар азаматтың бірі Сапар Ерғалиев атындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы Әбдіреуков Дінмұхаммедпен тілдескен болатынбыз. «Менің атам Ешмұратов Әбдіреуік 1920 жылы қазіргі Өзбекстан Республикасы, Науайы облысы, Тамды ауданында Сөкітті ауылында дүниеге келген. 1931-1937жылдары Тамды ауданы Ленин атындағы 7 жылдық орта мектепті бітірген. 1937-1940 жылдары Қарақалпақ АССР Төрткөл қаласында педагогика училищсін бітірген. Сол жылдан бастап Тамды ауданында мұғалім болып жұмыс істеген. 1942 жылы 23 қыркүйекте әскер қатарына алынды. Оңтүстік батыс майданында 99 атқыштар дивизиясында жауынгерлік қызметте болған. Әскери шені сержант. 1943 жылы 28 шілдеде оң қолынан жарақат алған. Оң қолынан айрылып елге қайта оралған. Соғыстан кейін де мұғалімдік және ауылшаруашылық саласында қажырлы еңбек еткен. Жаңа шаруа совхозында партия комитетін басқарып директор қызметіне дейін көтерілді. Зейнетке шыққан соң да қол қусырып қарап отырмай жұмысшылар қызметін атқарып жастарға үлгі көрсетті. Атам Ешмұратов Әбдіреуік 1993 жылы дүниеден өтті. Соғыстағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-ші деңгейлі ордендерімен марапатталған. Туысқандарымның айтуы бойынша атам өте батыл, әрі табанды кісі сонымен қатар көшбасшылық қасиетке де ие болған. Мен атамды ешқашан көрмесемде, онымен мақтанамын –дейді Дінмұхаммед. Ендеше еліміз аман ,жұртымыз тыныш болсын. Барлық Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ата-бабаларымызбен, аға-апаларымызға басымызды иіп, үлкен рахмет айтамыз.