Тобылда «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_19_19-2022_6.jpgЕр бала отбасының тірегі, елінің қорғаны, айбынды сарбаз болуы тиіс. Өйткені бүгінгі бозаң шақта жүрген бозбала ертең әскер қатарына қосылғанда елдің шетінде, желдің өтінде жүріп ел тыныштығын қорғайды.


Ата-ананың аялы алақаны, жылы ұясынан шыққан жеткіншек «әскер» атты үлкен өмір мектебінде шыңдалады, шынығады. Темірдей тәртіп пен таңқаларлық төзімді талап ететін әскери өмір көк байрақ пен қалың жұртты кірпік қақпай күзету қауіпсіздіктің қалқаны, тұрақтылықтың тірегі саналады.
«Думан» Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Отан қорғаушылардың 30 жылдық мерейтойына арналған «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті. Жігітке жеті өнер де аз. Әр үміткер жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Жалпы бұл сайыстың басты мақсаты- жігіттерді батырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жан жақтылыққа баулу, жастардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Байқау 4 кезеңнен болды. Өзін таныстыру, өнер сайысы, спорттық сайыс, үй тапсырмасы: «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»- қолөнері.
Таныстыру кезеңінде жігіттердің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналды. Бұл кезеңде шаршы топтың алдына шығып тосылғандар да болды, әнмен жеткізген жігіттерде болды. Өз өнерін көрсетуде әр қатысушы гитарамен ән шырқап, вальс биледі. «Білекті жігіт» сайыстарында ептіліктері мен шеберліктерін көрсетіп, жігіттер білек сыбасып, күштерін сынасты. Ал, «Үй тапсырмасы» деген кезеңінде қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетіп таныстырды. Бұл байқауға әділ-қазылар алқасының құрамында музыкант Құттықбаев Сейтқали Ахметұлы, Тобыл шекара бақылау бөлімшесінің бақылаушысы Смаилов Бақытбек Сүлейменұлы, Тобыл кенті Мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіруші- құтқарушысы Ибраев Темірлан Асылханұлы болып, жас жігіттердің білімдері мен күштеріне өздерінің әділ бағаларын берді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Жігіт Сұлтаны-2022» деп танылған «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» оқушысы Ахмет Нұрдаулет «Бас жүлдеге» ие болды. «Тобыл жалпы білім беретін мектебі» Ергазиев Кунанбай - 1 орын, Нурхельдиев Адиль - 2 орын, «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» оқушысы Тұрысбек Бауыржан - 3 орын иеленді. Барлық қатысушыларға мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды. Жастардың бойында адамгершілік, ізгілік, батылдық, ептілік, имандылық, мәдениеттілік қасиеттерді сіңіру мақсатында әртүрлі тәрбиелік мәні бар кеш, жиын, жарыстар ұйымдастыру өте орынды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне берулерін тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане