- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 13.05.2022 06:11
-
Автор: Аманкуль КАРИМЖАНОВА
-
Просмотров: 413
Елі үшін, халқы үшін жанын пида еткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер есімі ел есінде.
Биыл жеңіс туының желбірегеніне де 77 жыл. Жеңіс күні еліміз үшін орыны ерекше айтулы мереке екенін естен шығармағанымыз жөн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысына қатысқан, елі үшін өзін құрбан еткен сол соғыстағы ата - апаларымыздың ерлік істерін еске алу мақсатында Набережный ауылдық округінде 9 мамыр күні жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған митинг өткізілді. Митинг барысында ауыл әкімі Түйтебаев Талғат Төлепбергенұлы мен еңбек ардагері Деркач Виктор Васильевич құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге өз алғыстарын айтып, ауыл тұрғындарына өзінің ыстық лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Ұлы Отан Соғысындағы батырларымыздың ұмытылмас ерліктеріне арнап ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Өткізілген айтылулы іс-шарадан кейін Набережный жалпы білім беретін мектепте жеңіс мерекесіне арнап спорттық шара волейбол ойындары өткізілді. Волейболдан «Удар» оқушылар командасы, мұғалімдер командасы және де, ауыл командалары арасында өтті. Жеңіс мерекесіне арналған бұл спорттық шарада мұғалімдер командасы 1-ші орынды, «Удар» оқушылар командасы 2-ші орынды алса, ал 3-ші орынды ауыл командасы иеленді. Олай болса нағыз ұлтшылдықты оятып, рухани сезім беретін, жеңісті сыйлаған ардагерлерге бас иетін жеңісті күнде барлық қазақ еліне тек бейбітшілік пен тыныштықты тілейміз.