- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 19.05.2022 06:20
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 406
Мәдениет қызметкерлері күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады.Өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуымен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Осындай жандардың бірі Сидгалиева Жанар Ерханқызы. Ол Евгеневка аулында туып өскен, тұрмысқа шыққан 2 баланың анасы, ал жолдасының жеке шаруашылығы бар. Жанар Ерханқызы 2006 жылдан бастап Евгеневка ауылында мәдениет қызметкері болып, кейін 2020 жылдан Апановка ауылында мәдениет орталығында жұмысын жалғастыруда. Мәдениет ошағы мектеп оқушылары мен ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді, әрі мәдениетті, салауатты өткізу жолында түрлі мәдени шараларды тұрақты ұйымдастырып отырады. Мемлекеттік және кәсіптік мерекелерде концерттер ұйымдастырып, аудандық сайыстар мен фестивальдарға қатысып, ауыл тұрмысын мәдениетін көтеруде Жанар Ерханқызы белсене жұмыс жасайды. Осы еңбегіде елеусіз қалмай ауыл және аудандық мадақтамаларға ие болып, бірнеше рет марапатталды. Мәдениет орталығында «Очумелые ручки» балалар үйірмесі жұмыс жасайды. Жанар Ерханқызы ауданда қандай шара болмасын алдыңғы қатарда жүреді. Осы мереке күні Жанар Ерханқызына денсаулық, бақыт, молшылық, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілейміз.
Мәдениет және өнер қызметкерлеріне халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып, өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген сіздерге айтар алғысымыз көп. Киелі өнер жолында қасиетті Бейімбет Майлин өңірін елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілейміз!