- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 19.05.2022 06:26
-
Автор: Аманкуль КАРИМЖАНОВА
-
Просмотров: 394
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай және қарулы күштердің 30 жылдығына орай Сапар Ерғалиев атындағы мектепте "Әнмен сапқа тұру" сайысы өткізілген болатын.
Мерекелік сайыс мамырдың 12-сі күні өткізілген болатын. Сайысты ұйымдастырушылар мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасқадамова Тамаша Шәмелқызымен АӘжТД пәнінің жетекшісі Едресов Нұрлыбек Қадірұлы. Сайыс ән ұранмен басталды одан кейін мектеп басшысы Мадибаев Аслан Ізбасарұлы сөз сөйледі. Сайысқа 5 пен 11-ші сынып арасындағы оқушылар қатысты. Бас жүлдені жеңіп алған 10-11 сынып оқушылары болса, 1-ші орынды 7 сынып , 2-ші орынды 8 сынып, ал 3-ші орынды 5,6,9 сыныптар иленді және де айта кетерлік үздік командир номинациясын 6 сынып оқушысы Досымбай Нұрасыл алды. Әділдікті қақ жарып төрелігін берген әділ қазы алқалары Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімшесінің бастығы аға сержант Ертаев Ерлан, Бейімбет Майлин ауданының ҚІБ жасақтау тобының бастығы аға лейтенант Жәнібек Антоновичпен, дене шынықтыру мұғалімі Орақбай Ерболат болды. Сайыс негізгі 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңдер бойынша алғашымен бөлімше командирлері рапорт тапсыру, екінші атымен ұранмен таныстыру, үшінші кезең әнмен саптық дайындық, ал соңғы шешуші кезеңдер комиссия төрағасына есеп беріп өтумен әр бөлімшелердің саптық элементтер көрсету кезеңдері болды. Оқушылар өздерінің әскери-іскерлік дағдыларын көрсете отырып, елін сүйетін және қорғай алатын патриот ұл-қыздары екенін іс жүзінде көрсете білді.Өткізілген сайыс барысында қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Олай болса арайлап атқан таңымыз бейбіт болсын! Елін, жерін қорғайтын айбынды азаматтарымыз аман болсын!