«Сөйле Time» клубының салтанатты жалғасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_20_20-2022_13.jpgҰлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар.Соның ең басты және ең негізгі шарты-ұлттық тіл.
Қадыр Мырза Әли

 

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі мен ұлттық рухы - елімізде рухани жаңғырудың басты бағдары, ендеше өзіміздің мемлекеттік ана тілімізді үйреніп, сол тілде сөйлеуге шақыру мақсатында мамырдың 16-сы күні аудандық тілдерді оқыту орталықтарында салтанатты іс-шара «Сөйле Time» клубы өткізілген болатын
Іс-шараның басында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы басқармасының басшысы Гумарқызы Армангул Туктубаева келген қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеп бастады. Аталмыш іс-шара 5-кезеңнен тұрды. Олар: «Танысу», «Мақал-мәтелдер», «Сәйкестендір», «Логикалық сұрақтар», «Мәтіндер айдарларынан». Ұйымдастырылған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырларынан мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Барлығы да іс-шара барысында жақсы ат салысып, мемлекеттік тілде берілген тапсырмаларды жақсы орындай білді. Қандай да клуб болсын, жұмысына қарай өзінің атауы, ұраны болады. Ал «Сөйле Time» клубының құрған ұраны «Жаса, қазақ тілі». Ендеше қандай да тіл жанашырлары болмасын «Жаса қазақ тілі!» ұранын айтып, әрқайсысымыз өз достарымызды қазақша үйренуге шақырайық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане