«Ұлт рухы»- демалыс орны

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_25_252022_10.jpg

Қазір Тобыл кенті өзгеріп, түрленіп келеді. Абат­тандырылған «Ұлт рухы»- демалыс орны кент тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әр кеш сайын серуендейтін орынға айналды.
Жерлестеріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жылдар бойы сақталуына үлес қосады деп сенімдеміз. Демалыс орындары, балалар алаңы мен спорттық нысандар дамуына биліктің назарынан тыс қалған емес. Оған, әрине, өте ризамыз. Алаңның тазалығы кент әкімдігінің күнделікті бақылауында. Бұл жұмыстарға қоғамдық негізде жұмыс істейтін еңбеккерлер тартылады. Олардың еңбегі адал. Кешкі уақытта алаң­ға ата-ана­лар балаларын ойнатуға, се­р­­­­­­­­­­у­ен­­­деу­ге алып келеді. Жазғы мерекелер де осы «Ұлт рухы» алаңында өткізіліп, тұрғындардың мәдени демалуына жағдай жасалады.
Кент – ортақ үйіміз. Оның таза, жи­нақы, жайлы болуына әрбір тұрғын атсалысуы қажет. Жергілікті әкімдік өкілдері кент келбеті көріктене беретініне сенімді. Бұл аса маңызды. Кент гүлденсе, ауылдар да өркендеп, жақсы істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Тобыл көркейіп, ха­лыққа жаңа заман талабына сай қызмет көрсету бағытында жандан­ға­нына тұрғындар мен қо­нақтары дән риза. Тобыл кен­тінің алдағы уақытта да гүлденіп, көркейе беруіне тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане