«Әлемге нұрын шашқан арман қала»

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_26_262022-23.jpg

Бүгінгі Астанамыз Нұр - Сұлтан асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ұлан ғайыр Еліміздің бас қаласы. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей Елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Елорда шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Астананмыз Нұр-Сұлтанның келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.
Нұр-Сұлтан – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз.
1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды. 2019 жылы Астана атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілді.
Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып жүрген мемлекетіміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Қаламызда серуендеп тамашалауға келген әрбірінің көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едік.
Нұр-Сұлтан сәулеті келіскен алып шахар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бой түзеген «Нұр Астана» мешіті, «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.
Аспалы төрт көпір («Арқар», «Марал», «Тұлпар», «Беласар») сәнін айқара ашып, сылдырай аққан Есіл де әрі өткен, бері өткен жол кезектерінде өзіне біздерді шақырып, көз тартып жатады. Моторлы қайықпен серуен барысында Есілдің жағасына кезек қарай отырып, көзқарықтырған қала сәулетіне тамсанумен, шексіз әсерлі сезімдерге, шабытты толғаныстар мен тебіреністерге ие боласың.
Бағдаршам белгілерінсіз ешбір көше, орам байқамайсың. Бұл қаланың архитектуралық безендірілуі қаншалықты озық ойлы екендігін білдірсе керекті.
Әсем сазбен тербеле билеген су бұрқақтары, кең алаңды бойлай бой түзеген әкімшілік ғимараты мен ел қалаулылары – депутаттар үйі аралығын шығысы Бәйтеректей алыпты және батысы Елбасының Ақ ордасы мен министрлер үйі, Самұрық қазына компаниясымен шектестіре дүние бетіндегі ең бір асқақ сұлу кешендердің бір үйлесімділігін көрсетіп тұр.
Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсек, сөз жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Нұр-Сұлтан төріндегі әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс компазицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра да алған келбетке ие болған.
2017 жылы 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында өткен ЭКСПО бүкіл әлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығымен әлемдік деңгейде көрініс тапты. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» (Болашақ қуаты). Көрме әрине, елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын техникологиялық және экономикалық жаңғырту барысында жоғары деңгейде әсер етті деп білеміз. Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенеміз.
Егер карта бетіне қарап, геофизикалық өлшеммен алар болсақ, Нұр-Сұлтан батыс пен шығыс өлшемінің кіндік қаласы.
Осы мерекеге орай Тобыл ауылдық кітапханасы «Әлемге нұрын шашқан арман қала» атты мерекелік бейне - саяхат іс - шарасын ұйымдастырды. Іс – шараның мақсаты - оқырмандарға Елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астанамыз Нұр-Сұлтан жайлы өткені мен бүгінгі келбетінен мағлұмат беру.
Іс-шараға №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқырмандарымызға Елордамыз Нұр-Сұлтанның тарихы мен даму жолдарына, қаламыздың тарихи – мәдени орындары және дамуы мен жетістіктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар «Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында оқырмандарымызға сұрақ - жауап сайысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар кітапханашы оқырмандарымызға «Әлемге нұрын шашқан арман қала» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар күннен - күнге қарыштап дамып келе жатқан Елордамыз жайында, көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы қаламыздың қалыптасуындағы басты кезеңдерді еске алу мүмкіндігіне ие болдық. Көрмеден Елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астанамыздың қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотокітаптар, көркемсуретті кітап-альбомдар орын алды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане