Жазғы демалыс қалай өтуде?

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_26_262022-1.jpg

Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.
Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасалып отыр. Оның бір дәлелі, аталмыш мектепте балаларға арналған әртүрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Атап айтатын болсақ, «Жазғы психологиялық алаң», «Балаларға арналған логопедиялық жұмыс», «Адал ұрпақ» клубы, «Мың бала» клубы, «Жас журналист», «Театр», «Тілдік» үйірме, «Жас сарбаз», «Дебат » клубы, «Ән»сабағы, «Жас турист», сонымен қатар спорттық үйірмелер өткізілуде. Сондай – ақ мектептің тәлімгерлері ұйымдастырып жатқан «Жас Ұлан көшбасшылар мектебі» жүргізілуде. Аталмыш үйірмелер алдағы айларда да өз жұмыстарын жалғастыратын болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане