Қазақтың жаны- Домбыра

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_26_26202023.jpg

Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінен бері Ұлттық домбыра күні тойланады.
Мереке жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күні күмбірлеген күйден шашу шашылып, күміс көмей әншілер ән шырқайды. Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра – бағзы замандардан бері келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық ішекті аспабы. Ғасырлар өтіп, заман ағымы ауысып, адамдардың өмір сүру салты, стилі өзгергенімен, домбыраның қазақ халқы үшін алатын орны өзгермейді. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаса керек-ті. Басқаша айтқанда, «домбыра» мен «қазақ» егіз ұғым. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра - қазақтың халық аспабы, қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептеледі. Тобыл кентінде әр мереке сайын «Думан» Мәдениет үйінде өтетін барлық мерекелерде қазақтың ұлттық қазынасы қасиетті домбырамызды ұлықтап тұрады. Қос ішекті қазақтың домбырасының шоқтығын биіктетіп, жастардың домбыраға деген қызығушылығы арта түсуде. Домбырамен орындалған әуенді ән көрермендерге де керемет әсер қалдыратыны сөзсіз. Бұл қасиетті домбыраға деген асқан құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане