Нұр-Сұлтан ел астанасы, ел байлығы, ел айнасы!

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_26_Screenshot_1.jpg

«Еңселі Елорда, асқақтаған Нұр-Сұлтан!». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз.
Себебі, Арқаның төрінде, сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды астанамыз бүгінде 25 жасқа толды. «Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына 25 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала, көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Мегаполис бүгінгі күні Тәуелсіздік алған тұстармен салыстыра қарағанда анағұрлым жақсарған. Зәулім үйлер мен әсем архитектура әлемдік деңгейдегі шеберлердің туындысы қала қонақтары үшін де ерекше көркем жерлер саналады. Елорда әрбір ұлтының патриоты үшін маңызды өңір. Ол біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың айнасы, тарихи орын. Мұнда Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрақты тұруға келетіндер көп, себебі қала инновациялық заманауи деңгейімен жоғары бағаланады.
Қазақстан астанасы – таңғажайып көркем Нұр-Сұлтан қаласы күннен күнге жаңа ғимараттар саны артып, қала тез арада кеңейіп барады- деп, өз әсерлерімен бөлісті Смайыловтар отбасы. Олар балалар демалысын пайдаланып, астанамыздың таңғажайып келбетін тамашалап келген еді.
Қала ландшафтында жасыл желектер күн сайын артуда; қаладан жаңалық пен заманауилық лебі сезіледі. 97-метрлік Бәйтерек – астанамыздың символы, Самұрық құсы туралы ежелгі аңыз негізінде жүзеге асырылған алып мұнараға көтерілсеңіз, Нұр-Сұлтан қаласы алақаныңызда тұрғандай көрінеді.
Ал, қыздары Айжан, Назым, Аружан :
- Думан ойын-сауық орталығы кешенінде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік бар. Мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар - деп, кезектесе айтып берді.
Нұр-Сұлтан астанамыздың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы. Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Нұр-Сұлтан бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырына баса білген бауырмал, ешкіммен теңдесі жоқ қазағымның арқасы. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз жасай берсін! Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер, Туған күнің құтты болсын – Нұр-Сұлтан!!!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане